Илон Масктің X желісіне ауқымды кибершабуыл жасалды

Жарияланды 11 Наурыз 2025 09:07

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
X Twitter
Илон Масктің X желісіне ауқымды кибершабуыл жасалды / Фото: AP

Миллиардер Илон Маскке тиесілі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіне 10 наурыз күні ауқымды кибершабуыл жасалды. Дүйсенбінің таңында желі қолданушылары бірнеше сағат жүйеге кіре алмаған. Маск шабуыл жасалғаны туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Associated Press басылымы хабарлады

«Бізге күн сайын шабуыл жасалады, бірақ бұл шабуыл едәуір ресурстың күшімен жасалған», – деп жазды Маск.

Айтуынша, шабуылдың үйлестіруші тобы немесе бір елдің күші болған болуы мүмкін. Х қорғаныс жүйесі түнде байланыс жүйелерін қалпына келтіріп, бақылауды қайтарған.

Downdetector.com жүйесінің мәліметтері бойынша онлайн-сервистердің жұмысында тежеуді байқаған. Желі АҚШ уақытымен таңғы 6:00-ден кешкі 10:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 15:00 және 19:00) қол жетімсіз болған.

40 мыңнан астам қолданушы қорғаныс қызметіне шағым түсірген. Шағымдардың 56% X мобильді қосымшасының жұмысына, ал тағы 33%-ы платформаның веб-нұсқасына қатысты болған.

Айта кетейік, осыған дейін Маск xAI жүйесін іске қосып, Grok чат-ботының тұсауын кескен. KursivMedia жүйенің OpenAI-ге тиесілі чат-GPT-ден несімен артық екенін жазып шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз