Жетісу облысында жер сілкінді
Жарияланды

Астана уақыты бойынша 11 наурыз сағат 01:26 шамасында Жетісу облысында жер сілкінді. Бұл туралы «Сейсмологиялық зерттеу институты» хабарлады.
Институт ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісінің негізгі ошағы Қытай аумағында орналасқан. Қазақстанға жеткен тербеліс күші 2 балл шамасында.
Жердің тербелуін Жетісу облысы Жаркент қаласының тұрғындары 2 балл көлемінде сезген болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы және қираған ғимараттар туралы хабар келіп түспеген.
Айта кетейік, 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінген. Тербелісті Зайсан қаласының тұрғындары сезген.