Полиция 18 қабаттан құлап кеткен әйелдің ісіне қатысты тергеу бастады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматыда әйел 18 қабаттан құлап кеткен
Алматыда әйел 18 қабаттан құлап кеткен / Фото: Pixel-Shot / shuterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда әйел 18 қабаттан 4 жасар баласымен бірге құлап кеткен. Бұл ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Оқиға бүгін, 11 наурыз күні таңғы сағат 6.30 шамасында болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, шамамен 25-35 жас аралығындағы әйел оқиға орнында көз жұмған. Ал 4 жасар бала аман қалғаны туралы айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз