Ресей депутаттары Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатпақшы

Ресей депутаттары Владимир Жириновскийге ескерткіш қоймақшы. Депутаттың 80 жылдығына орай 2026 жылы Ресей мен Қазақстан қалаларында ескерткіш қоюды жоспарлап отырғанын ТАСС хабарлады.
Басылым хабарлауынша, ЛДПР партиясының бұрынғы басшысына алғашқы ескерткіш 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында Мордовия Республикасының Саранск қаласында ашылуы мүмкін.
«Сондай-ақ саясаткердің шағын отаны – Алматыда да ескерткішін ашу жоспарланған», – деп жазады басылым.
Ресейде ескерткіштен бөлек, Жириновскийге қатысты деректі фильм мен сериал түсіріледі. Деректі фильм премьерасы 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған. 75 жасында қайтыс олған саясаткердің 80 жылдығын тойлауды Ресей президенті Владимир Путин бұйырып, тиісті құжатқа қол қойған.
Айта кетейік, 2005 жылы Жириновский «адамзат тарихында Қазақстан деген мемлекет болмаған. Қазақ тілі жоқ, оның жазба тілі жоқ. Ол жерде ештеңе жоқ, болмаған» деп мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдемесінен кейін оның Қазақстанға кіруіне тыйым салған болатын.