Күйші Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден озды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева дүниеден озды / Фото: ашық дереккөзден, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды. Қаралы хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі жеткізді.

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары – Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады»,– деп жазды оркестр ұжымы. 

Дариға Тілендиева 1946 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Құлагер», «Ақ машина», «Алты жасар Алпамыс», «Қоштасқым келмейді», «Жамбылдың жастық шағы» тағы басқа көркем фильмдерде әр түрлі рөлдерді сомдады. 1993 жылдан «Отырар сазы» оркестрінде қызмет істеді.

Сондай-ақ оқыңыз