Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр: қай қалалар көш бастап тұр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
тұрғын үй
Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады / Фото: shutterstock

Қазақстанда тұрғын үй бағасы соңғы уақытта тұрақты түрде өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпанда жаңа баспана жылдық мәнде 4,8%-ға, ал қайталама нарықтағы пәтерлер 5,4%-ға қымбаттаған. Сонымен қатар жалдамалы пәтерлердің бағасы 12%-ға өсті.

Жаңа тұрғын үй қай қалаларда қымбаттады?

Жыл басынан бері Павлодар мен Көкшетау қаласындаға жаңа үйлердің бағасы күрт қымбаттаған. Мәселен, Павлодарда 16,3% көтерілсе, Көкшетаудағы жаңа үйлер 15%-ға қымбаттаған.

Қайталама пәтер нарығында баға көшін Атырау (18,7%), Қонаев (14,4%) бастап тұр. Ал Талдықорған (31,1%), Астана (29,3%), Семей (22%) қалаларында жалға алатын үйдердің құны күрт өскен.

Қай қалада баспана қымбат?

Республика бойынша Алматы қаласында үй қымбат. Қалада 1 шаршы метр орташа бағасы 589 мың теңгені құрайды. Ал ең арзан үйді Орал қаласынан табуға болады. Бұл қалада 1 шаршы мертдің бағасы 284 мың теңгеден басталады.

Жалпы ақпан айында 29 022 тұрғын үй сату-сатып алу келісімі жасалған. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 6,1%-ға аз.

Қандай пәтерлер сұранысқа ие?

Жалпы мәміленің 78,2%-ы – көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі. Ең көп сұранысқа ие баспана түрі – екі бөлмелі пәтерлер. Олардың үлесі 8 647 мәмілені құрайды.

Болашақта баға қандай болмақ?

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы белсенділігін сақтап келеді. Бағаның өсуіне құрылыс материалдарының қымбаттауы, сұраныстың жоғары болуы және урбанизация ықпал етіп жатыр. Сарапшылар алдағы айларда да бағаның біршама көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Үкімет жоспарына сәйкес, биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ оқыңыз