Коммуналдық төлемдер АЕК-пен есептелетін болады. Тарифтер тағы өсе ме

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Депутаттар ұсынған өзгеріске сәйкес, тарифтер АЕК-пен есептеледі / Фото: shutterstock / fizkes; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, коммуналдық тарифтер АЕК-пен есептелетін болады.

Заң жобасы пәтерлер иелері кооперативтерінің қызметін басқару субъектісі ретінде реттеуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау функцияларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге заң жобасы күшіне енсе, тұрғын үй коммуналдық тарифтер айлық есептік көрсеткіш бойынша есептелетін болады. Заңға бастамашы болған депутат Екатерина Смышляева төлем айтарлықтай өсе қоймайды деп сендірді.

«Тарифтерді айлық есептік көрсеткішке байлау арқылы біз бағалардың күрт өсуіне жол бермейміз. АЕК өздеріңіз білесіздер біртіндеп өседі. Өзгерістер күшіне енсе, тариф те өте баяу өсетін болады. Шамамен 1-2 теңге ғана болуы мүмкін. Мұндай есептеу тетігі халықтың қалтасына салмақ салмай, тұрғын үйді күтіп ұстауға қажетті қаражатты жинауға мүмкіндік береді», – деді депутат.

Сондай-ақ оқыңыз