АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның сыртқы істер министріне қоңырау соқты

Бүгін, яғни 12 наурызда Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлескен.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар саяси диалог және экономикалық байланыстарды күшейту жөнінде пікір алмасқан. Сонымен қатар, стратегиялық серіктестік жайында сөз қозғалған. Оның қазіргі уақыттағы жай-күйі, даму болашағы талқыланған.
Әрине, қазіргі күрделі геосаяси ахуалдың назардан тыс қалмайтыны түсінікті жайт.
«Жаһандық қауіпсіздік және аймақтық тұрақтылықпен қатар, өзге де маңызды халықаралық жағдайлар жөнінде пікір алмасу болды», – делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Екі елдің лауазымды тұлғалары тұрақты байланыс орнату туралы уағдаласқан. Ондағы мақсат – екі жақты ынтымақтастық пен серіктестік қарқынын жоғалтпау.
Мұның алдында Қазақстанның Америка Қ9рама Штаттарының облигацияларына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция салу жоспары бар екенін жазған едік.