
Димаш Құдайбергеннің әйелі кім? Ол құпия түрде үйленіп алған деген күдік фанаттарының арасында кең таралып отыр.
Бұған мына дерек дәлел. Мәселен, Google іздеу жүйесінде Димаш Құдайбергеннің әйелін іздеушілердің қарасы күн сайын көбейген.
«Димаштың жұбайы»
Қазақстандағы ең үлкен ізделген мәлімет Димаш Құдайберген болып отыр. Ол туралы киррилица да 30 мыңға жуық адам ақпарат қарапты.
Оның біраз бөлігі «Димаш Құдайбергеннің әйелі» деп терген. Айталық, іздеу жүйесінде орыс тілінде «Димаштың әйелі» деген сөз тіркесі ең көп ізделіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін бұл туралы 1 мың 700-ден аса адам ғаламтордан сұрастырып көріпті. Демек осынша адам Димаш Құдайберген құпия түрде үйленіп алған деп есептейді екен.
Қазақ тілінде де осы тақілеттес сұрау салулар аз емес. Мәселен, «Димаштың әйелі», «Димаштың әйелі кім болады?», «Димаштың әйелінің аты», «Димаштың әйелінің аты кім?» «Димаштың әйелі кім?» деген түрлі нұсқаларды іздегенін көруге болады.
Күдік қайдан туды?
Әрине, Димаш Құбайбергеннің өзі де, оның отбасы да неке туралы сөз қозғаған емес. Десе де, танымал әншілердің жеке өмірін құпия ұстайтыны, сондықтан үйленсе де, көпшілікке жария етпейтіні белгілі.
Талантымен миллиондаған адамдардың жүрегінен жол тапқан Димаш Құдайбергеннің әйелі, жалпы, жеке өмірі жұртты қатты қызықтыратыны анық. Мамыр айында әнші 31 жасқа толады. Ата-анасы, ата-әжесі, қаражаты бар қазақтардың дені бұл жасқа дейін бойдақ жүрмейтіні анық. Басқа халықтармен салыстырғанда қазақтар ертерек үйленуді жөн көреді. Сондықтан әншінің құпия түрде үйленуі туралы күдіктің тууы – заңдылық. Көптеген адамдар оның жары туралы мәлімет іздейді.
Димаш жары туралы
Димаш бұдан төрт жыл бұрын жарының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келгенін айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, әйелі әдепті, ақылды, көркем мінезді әрі нәзік болуы тиіс.
Димаш үшін отбасының маңызы зор. Сондықтан келіншегі ата-анасының да көңілін тауып, қуанта алуы қажет.
Сонымен қатар әйелінің көрікті болғанын қалайтынын да жасырмаған еді.
Светлана Айтпаева келінінен не күтеді?
Кейбір ақпарат көздері «Димаш Құдайбергеннің әйелі «бар деп ойлауға түрткі болып отыр. Жұлдызды әулеттегі той туралы меңзеді. Мәселен, Динара Сәтжанға берген сұхбатында Светлана Айтбаева келін мен ене арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылуы керек екенін мәлімдеген еді.
«Кез келген отбасының дұрыс қалыптасуына ата-аналардың әсері болады. Келінді өзінің қызындай қабылдап, соған жағдайын жасап, көмектесуің керек», – деді ол.
Светлана Айтбаеваның пікірінше, келіндерге де қойылатын талап бар. Десе де, ол талаптар – қазақтың әдет-ғұрпында бұрыннан бар дүниелер.
«Әрине, мұны келіндер де түсінуі қажет. Келген жеріндегі үлкендерді, ата-енесін сыйлауы керек. Бағалап, құрметтеуі тиіс. Түсіністік болған жағдайда ғана бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», – деді Димаштың мамасы.
Мұның алдында Димаш Құдайберген ұшақ апаты мен махаббат хикаясы бейнеленген жаңа клиптің тұсауы кесілген еді.