
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды. Енді 13 наурыздан бастап қала көшелерімен жеке құрам және әскери техникалар тасымалданады. Ал кейбір өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Әскери парадқа дайындық наурыздан мамырға дейін жалғасады. Мәселен, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиация жаттығу ұшуларын жүргізеді.
«Сондықтан Астана қаласындағы әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз»,- деп жазылған хабарламада.
Жеңіс күнінен арналған әскери шеруге билік 2,5 млрд теңге бөлмекші. Министрлік бюджет шығындарын үнемдеу туралы мәлімдемелерге қарамастан парадқа бөлінетін қаржыны қысқарту орынсыз деп санайды.