Есірткі тасымалдаған 1200 адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Есірткі тасымалдағандар босатылуы мүмкін / Фото: Chatgpt

Қазақстанда есірткіні жасырын орналастырды деп сотталған мыңдаған жазаланушы ертерек бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір темір торда 1200-ге жуық есірткі тасымалдаушы отыр. Наурыздан бастап нашақорлықпен айналысқандар үшін заң жұмсаратынын ескерсек, олар ертерек босай алады.

» Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ, мемлекеттік органдар және депутаттар есірткі өндірумен, қайта өңдеумен және жасаумен айналысатын адамдарға, яғни бұрын айналысқандарға, жауапкершілікті қатаңдататын түзетулер әзірледі. Ал есірткіні байланыссыз тәсілмен тарататын, яғни ‘жасырын орналастыруышылар’ үшін жаза жеңілдетілді. Бірінші рет қылмыс жасаған үшін де жаза мерзімі қысқартылды», – деді ол брифингте.

Әлжановтың мәліметінше, осы жылдың басынан бері еліміздің 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Оның 120 келісі – синтетикалық есірткі, 140 келісі – гашиш және 600 грамм кокаин бар.

Биыл қаңтарда Тоқаев заңға өзгеріс енгізген еді. Оған сәйкес есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы жұмсартылды. Егер бұл қылмысты алғаш рет жасап ұсталса,  мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады. Бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға жабатын еді.

Сондай-ақ оқыңыз