Қазақстан жұмыртқа импортына уақытша тыйым салады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстан жұмыртқа импортына уақытша тыйым салады
Қазақстан жұмыртқа импортына уақытша тыйым салады/Фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуір айынан бастап ел аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салмақ. Тиісті бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Министрлік елге үшінші елдерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салуды енгізгелі отыр.

Ведомство мәліметінше, аталған шара ішкі нарықты қолдау үшін енгізілгеледі.

«Жұмыртқаларды әкелуге тыйым салуды енгізу Қазақстандағы жұмыртқа саласының дамуына оң әсер етеді және баға белгілеудің ашық тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік береді» делінген құжат жобасында.

Статистика бойынша 2024 жылы азық-түлік жұмыртқаларының экспорты 43,2 млн дананы, импорт 87,4 млн дананы құраған. Ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен қамтамасыз етілуі 99%.

Бүгінгі таңда елде 70 құс фабрикасы бар, оның ішінде 34-і жұмыртқа, 29-ы ет бағытында жұмыс істесе, 7-еуі асыл тұқымды репродукция фабрикасына жатады.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі жұмыртқа бағасын тұрақтандыру үшін саладағы қауымдастықпен меморандумға отырған.

Сондай-ақ оқыңыз