«Верный Капитал» компаниясы Burger King Kazakhstan франшизасын сатты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Burger King франшизасын сатты/ Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Верный Капитал» компаниялар тобы Burger King Kazakhstan франшизасын сатқанын хабарлады. Бұл франшиза 2012 жылдан бері топ пен оның серіктесі Әнуар Өтемұратовтың иелігінде болған. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлады.

12 жыл ішінде Әнуар Өтемұратовтың басшылығымен Қазақстанның 14 қаласында 55 мейрамхана ашылған. Мемлекеттік бюджетке 7,5 млрд теңге салық төленіп, 1100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды

Holten Group компаниясының иесі кім?

Holten Group – Орталық Азия нарығында қарқынды дамып келе жатқан компанияларға инвестиция салу және оларды басқарумен айналысатын инвестициялық топ.

Компания 2019 жылдан бері Өзбекстандағы Burger King желісіне иелік етіп, ел аумағында Pepsi брендімен де жұмыс істейді. Holten Group Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген. Алайда оның нақты меншік иелері туралы ақпарат ашық жарияланбаған.

«Верный Капитал» компаниясы Болат Өтемұратов активтерін басқарады. Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде алтыншы орында тұр. Оның байлығы 2,7 млрд долларға бағалады. Бұдан басқа ол KaR-Tel компаниясы (Қазақстандағы Beeline операторы), алтын өндіруші RG Gold, Астана мен Венадағы Ritz-Carlton қонақ үйлері, Мәскеудегі The Carlton, Rixos Borovoe компаниясы акцияларына ие.

Сондай-ақ оқыңыз