Банк пен қаржы

Ұлыбритания санкциясына іліккен банкир Қазақстандағы компаниясын сатты

Казахстанец выкупит долю попавшего под санкции россиянина в крупном ломбарде
«Сейф-ломбард» сатылды / Фото: yandex.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ұлыбританияның санкциясына іліккен ресейлік кәсіпкер – Игорь Ким Қазақстандағы компаниясының біреуін сатты. Игорь Ким «Сейф-Ломбард» ЖШС-дағы 98,9% үлесін Эдуард Лиге сатып, компания қатысушылары қатарынан шықты.

Қазақстан қор биржасындағы хабаламада қатысушылардың 5 наурызда өткен жалпы жиналысындағы шешімі жарияланған. Соған сәйкес, серіктестік қатысушылардың бірі – Генадий Ким Игорь Кимнің үлесін басым құқықпен сатып алудан бас тартқан. Бұл үлесті Эдуард Ли сатып алды. Келісім құны ашық жазылмаған.

Бұған дейін ресейлік банкир Қазақстандағы «Сейф-Ломбард» ЖШС мен «Береке» микроқаржы компаниясындағы өз үлесінен бас тартатынын мәлімдеген. Оған себеп – банкирдің Ұлыбритания санкциясына ілігуі. Игорь Ким пен ресейлік «Экспобанк» Ұлыбритания санциясында 24 ақпанда ұшыраған.

Алайда «Сейф-Ломбард» серіктестігінің өзі санкция тізіміне енбеген. Компания иесі Қазақстандағы компанияның қызметіне шектеу қойылмас үшін өз үлесін сату туралы шешім қабылдаған. Игорь Ким – микроқаржы ұйымының негізгі иесі, компания акциясының 98,98%ы- соның меншігінде.

«Сейф-Ломбард» – Қазақстандағы ірі ломбардтардың бірі. Актив көлемімен тізімде төртінші орында тұр. 2024 жылы 4,7 млрд теңге таза пайда тапқан.