Банк пен қаржы

Микрокредит ұйымы жабылып қалса, алған қарызды төлемесе бола ма

микрокредит
Микроқаржы ұйымы жабылса, қарыз қалай өтеледі / Фото: kursiv.media

Микрокредит ұйымы жабылса, қарыз автоматты түрде жойылады деген пікір бар. Бірақ бұл қате түсінік. Азаматтық кодекске сәйкес, қарыз алушы алған ақшаны толық қайтаруға міндетті. Тек егер келісімшартта басқа шарттар жазылса, бұл бөлек қарастырылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заң бойынша алған қарызды пайызымен бірге қайтару керек екенін еске салады.

МКҰ жабылса, қарыз кімге өтеді?

Егер микрокредит ұйымның (МҚҰ) лицензиясы тоқтатылса, қарыз басқа қаржы ұйымына немесе коллекторларға берілуі мүмкін.

МКҰ өз қарыздарын банктерге, коллекторлық агенттіктерге немесе басқа қаржы ұйымдарына сата алады. Бұл жағдайда қарыз жаңа кредиторға төленеді. Егер компания толығымен жабылса, оның активтері сатылып, берешектер өндіріліп алынады.

2024 жылы Қазақстанда 17 микрокредит ұйымы өз еркімен лицензиядан бас тартты, ал 12 ұйым заң бұзғаны үшін жабылды.

Микрокредит ұйымдар түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатуы мүмкін. Негізінен қаржы заңнамасын бұзғаны үшін жұмысы тоқталады.

МҚҰ-ның заңды екенін қалай тексеруге болады?

Егер сіз микрокредит алғыңыз келсе, ең алдымен, ұйымның ресми түрде тіркелгенін тексеріңіз. Бұл ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында бар.

Қарыз алмастан бұрын нені ескеру керек?

  • Пайыздық мөлшерлемені қараңыз – артық төлем тым көп болмауы керек.
  • Төлеу мерзімін нақты біліңіз – уақытында төлемесеңіз, өсімпұл қосылады.
  • Айыппұлдар мен қосымша шарттарды мұқият оқыңыз – күтпеген шығындар болмас үшін.

Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы бар?

Қазақстанда жалып 900-ден аса микро қарыз беретін ұйым тіркелген. Олардың ішінде ломбард, несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдары бар.

Енді бірінші рет несие алғалы отырған адам банктер мен микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) онлайн кредит ала алмайды. Ол үшін қаржы ұйымының кеңсесіне бару керек.