Бірнеше жылдан кейін де құнын жоғалтпайтын 10 көлік

Жарияланды 13 Наурыз 2025 09:00

Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Қазақстанда қандай көлік жылдам сатылады? / Фото: kursiv.media архивінен

Бірнеше жылдан кейін көлігіңізді оңай әрі жылдам, сондай-ақ тиімді бағада сатып жібергіңіз келе ме? Бұл сұрақ көлік алуды жоспарлап жүрген әр адамды ойландырары анық. Автокөліктің өтімділігі – оның қайталама нарықтағы құндылығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Темір тұлпар қаншалықты танымал болса, соншалықты тез әрі тиімді сатуға болады.

Kursiv.Мedia тілшісі Қазақстандағы тізгінделген автолар нарығындағы сауда статистикасын зерттей отырып, ең жылдам сатылатын 10 модельдің тізімін жасады. Бұл көліктер сенімділігімен, қызмет көрсетуінің оңай әрі тиімділігі және автокөлік әуесқойлары арасындағы беделімен ерекшеленеді.

Нарықтағы көшбасшы – қашанда сұранысқа ие жапондық марка

Toyota Camry дәстүрлі түрде Қазақстандағы ең сұранысқа ие саналады. 2024 жылы 57,5 мың дана сатылған. Оның басты артықшылықтары:

  •   Сенімді түрде тізгіндеуге болатын авто;
  •   Салоны кең, жүрісі жайлы;
  •   Өтімділігі жоғары – Camry-ді тез әрі тиімді бағада сатуға болады.

Бұл модель автокөлікке салынған инвестициясын сақтағысы келетіндер үшін тамаша таңдау.

Неміс сапасы екінші орында

Volkswagen Passat рейтингте екінші орнында. 2024 жылы елімізде 21,3 мың дана аталған авто маркасы сатылған. Бұл модельдің басты артықшылықтары:

  •  Сапалы құрастырылған, қызмет ету мерзімі ұзақ;
  •  Сыртқы дыбыстардан жақсы оқшауланған және жайлы;
  •  Неміс автонарығының беделі бренд. Осы да оған басымдық беріп тұр.
  • Бұл модель сенімді отбасылық седан іздеген жүргізушілер арасында сұранысқа ие.

Үшінші орында қолжетімді және қарапайым седан

Daewoo Nexia бағасы тиімді көліктердің көшін бастайды. 2024 жылы қарапайым седанның 16 мың дана сатылған. Оның негізгі себептері:

  •  Көлікті тізгіндеп жүргенде шығындар аз;
  •  Қарапайым әрі сенімді автокөлік;
  •  Қосалқы бөлшектері көп әрі оның бағасы тиімді.

Nexia – бюджеттік көлік іздегендер үшін жақсы таңдау.

Өзі шағын, өзі ыңғайлы танымал қалалық көлік

Volkswagen Golf Қазақстанда ең көп сатылатын хэтчбектердің бірі. 2024 жылы 14,67 мың данасы өткен. Оның танымалдығының себептері:

  •    Жанармай үнемдеу жағынан қолайлы;
  •    Басқару да жеңіл;
  •    Сенімділігі мен қосалқы бөлшектерінің қолжетімділігі.

Бұл модель жас жүргізушілер мен қалалық көлік ретінде жиі таңдалады.

Бесінші орында бюджеттік шешім тұр

Lada 2114 SAMARA ең көп сұранысқа ие бюджеттік көліктердің бірі. 2024 жылы 13,8 мың дана сатылған. Артықшылықтары:

  •    Қосалқы бөлшектердің арзандығы;
  •    Пайдалану шығындарының аздығы;
  •    Құрылымы да қарапайым.

Бұл модель әсіресе аймақтарда жоғары сұранысқа ие.

Алтыншы орында аты аңызға айналған көлік тұр

Mercedes-Benz E-Class (W124) әлі күнге дейін сұранысқа ие көліктердің қатарында. 2019 жылы 2,3 мыңнан астам көлік сатылымда болған. Бұл модельдің ерекшеліктері:

  •    Уақыт тезіне төзімді сапа;
  •    Премиум-класстың жайлылығы;
  •    Автоәуесқойлар арасында жоғары беделділік.

Бұл көлік классикалық автомобильдерді бағалайтындар арасында ерекше сұранысқа ие.

Әмбебап ресейлік көлік

Lada Priora (седан, хэтчбек, универсал және купе) 2019 жылы 1,96 мың данасы сатылымға қойылған. Негізгі артықшылықтары:

  •   Бағасы тиімді;
  •   Қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;
  •   Жоғары сұраныс.

Бұл көлік қарапайым және сенімді автокөлік іздейтін адамдар үшін ең жақсы нұсқалардың бірі.

Қайталама нарықтың классикасы

Lada 2114 Қазақстанның қайталама нарығында тұрақты сұранысқа ие. 2019 жылы 1,1 мыңнан астам көлік сатылымда болды. Оның танымалдығының себебі:

  •    Сенімділігі;
  •    Қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;
  •    Қосалқы бөлшектердің арзандығы.

Бұл модель әлі күнге дейін жолдарда жиі кездеседі және әлі де сұранысқа ие.

Тоғызыншы орында уақыт сынынан өткен неміс классикасы

Audi 100 (C4) сұраныс жоғары көліктердің бірі. 2019 жылы 1 544 данасы сатылымға қойылды. Бұл модельдің артықшылықтары:

  •  Құрылым мықты;
  •  Жүрісі жұмсақ;
  •  Қозғалтқышы ұзақ қызмет етеді.

Осы артықшылықтары арқасында Audi 100 әлі де сұранысқа ие.

Ал ТОП-10-ды жапондық сенімділік символы қорытындылайды

Toyota Corolla ең сұранысқа ие көліктердің қатарында. OLX платформасының деректері бойынша, бұл модель Қазақстанның тізгінделген көліктер нарығында жоғары сұранысқа ие. Оның басты артықшылықтары:

  • Сапасы мықты;
  • Жанармай үнемдеу жағынан тиімді;
  • Сұраныс жоғары.

Сарапшылардың айтуынша, Corolla қайта сату кезінде құнын жоғалтқысы келмейтіндер үшін ең жақсы таңдау.

Автокөлік сатып алу – бұл жай ғана жайлылық пен қажеттілік үшін жасалған таңдау емес, сонымен қатар инвестиция. Егер болашақта көлігіңізді тез әрі тиімді сатқыңыз келсе, сұраныс жоғары модельдерге назар аударған жөн.

Toyota Camry, Volkswagen Passat және Daewoo Nexia – Қазақстанның қайталама көліктер нарығындағы көшбасшылар. Бірақ тізімдегі басқа көліктер де тұрақты сұранысқа ие. Көлік таңдағанда тек бренд пен модельге емес, сонымен қатар оның техникалық жағдайына, пайдалану тарихына және нақты нарықтық бағасына да мән берген дұрыс. Дұрыс таңдау жасасаңыз, автокөлік сәтті инвестицияға айналары сөзсіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін кейінгі 5 жылда Қазақстан нарығында ең көп қымбаттаған көліктерді талдаған едік. Олардың қатарында Toyota Camry 70, Chevrolet Cobalt, Lexus LX 600 сынды көліктердің бағасы шамамен екі есе өскен.

Сондай-ақ оқыңыз