Банк пен қаржы

Доллар қайта нығайды: ұлттық валюта бірден 6 теңгеге әлсіреді

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 13 наурыздағы таңертеңгі саудада ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы бірден 6,13 теңгеге құнын жоғалтты. Валюта бағамы неге құбылды?

KASE 1 долларды 495,28 теңге деп бағалады. Екі күн бұрын ғана доллар бағамы 488 теңге тұратын.

Айта кетерлік тағы бір жайт, бейсенбі күні теңгенің басқа да елдердің валюталарына қатысты бағамы әжептәуір әлсіреді:

  • Ресей рублі 0,0479 теңгеге нығайды. 1 рубль 5,7064 теңге.
  • Қытай юані +0,5691 теңгеге нығайып, 1 юань 68,1324 теңге болды.

Валюта қаншадан сатылып жатыр?

Қазақстандағы валюта айырбастау пункттерінде де доллар жоғары бағаланады. kurs.kz сайтының мәліметінше:

  • Алматы қаласында 1 доллар 499,5 теңгеге сатылып, 496,5 теңгеден қабылданып жатыр.
  • Астана қаласында 1 доллар 501 теңгеге сатылып, 495 теңгеге, тіпті кей жерде 492 теңгеден қабылданып жатыр.

Ұлттық валютаның әлсіреуіне АҚШ долларының индексі біршама көтерілгені себеп болды. Көк түсті валюта индексі кейінгі 24 сағатта 0,17%-ға нығайып, 103,660 USD болды.