
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қызмет көрсетуші тағы бір фирманың ондаған жұмысшысы ереуілдеп жатыр. «М-Техсервис» сервистік компаниясында істейтіндер 12 наурызда жұмысты толық тоқтатқан.
Ереуілде тұрған жұмысшылардың талабын жергілікті Lada.kz басылымы жариялады. Сервистік компания қызметкерлері бейнеүндеуді Қазақстан үкіметі мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығына жолдады.
«ҚазМұнайГаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» басшыларымен 2025 жылғы 26 қарашадағы, сонымен бірге 2025 жылғы 26 ақпандағы кездесулердің хаттамалары орындалсын. Өйткені биыл 21 ақпанда жұмыстан қысқарту туралы хабарламалары келді.
Жаңа мердігер мекеме бекітілгенше «М-Техсервис» мекемесі жұмысты жалғастырсын. Қызметкерлер жұмыссыз қалмасын. Сол себепті біз 2025 жылғы 12 наурыз сағат 13.00-ден бастап жұмысты тоқтаттық. Талабымыз орындалмайынша жұмысқа шықпаймыз», – деп мәлімдеді ереуілдегі ондаған алдында сөйлеген жұмысшы.
Жергілікті басылым мәліметінше, сервистік компания жұмысшылары 2019 жылы да ереуілдеген. Бірақ ол жолы жұмысшылар айлықты көтеруді талап еткен.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Қаламқас мұнай кен орнында «Маңғыстаумұнайгазға» қызмет көрсететін «TES Service Company» жұмысшылары ереуілдеген. Олар айлықты көтеруді талап еткен. Сервистік компания жұмысшылары айлық 180-200 мың теңгеден аспайтынын, ал азық-түлік пен қызмет бағасы күннен-күнге өсіп бара жатқанын мәлімдеген.