Ұлттық қордан ақша ұрланды: компания басшысы жылыжай салуға бөлінген 840 млн теңгені қалтаға басқан

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Комерциялық ұйым басшысы Ұлттық қордан ақша жымқырған / Фото: shutterstock и gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында коммерциялық ұйымның басшысы Ұлттық қордың 840 млн теңгесін жымқырғаны үшін істі болды.

Антикор коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлады.

«Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде»,– делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылған.

Осыған дейін, Антикор Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев сотталғанын хабарлаған еді. Агенттік мәліметінше, аталған қызметкерлер кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған. Есесіне, кедендік бақылау саласында жасалған заң бұзушылықтарға көз жұма қарап келген.

Сондай-ақ оқыңыз