
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан құрылтайда елде жалған психологтар мен коучтар көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды KursivMedia.
Президенттің сөзінше, кейінгі кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен.
«Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегеді.
Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр», – деді президент.
Тоқаев жауапты органдарға бұл мәселені де назарға алуды тапсырды.
Айта кетейік, 2024 жылы Bizbirgemizqazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілініп, қамауға алынды. Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, қор жетекшісі көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған қаражатты жымқырған. Күдіктінің бұл қаражатқа күдікті қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алғаны айтылды.