Фукуок – Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысты
Жарияланды

SCAT әуе компаниясының «Фукуок – Астана» бағытындағы рейсі орындау барысында құспен соқтығысып, қосымша тексеру жүргізуге тура келді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе кемесі қатты қарсы желдің әсерінен Шымкент қаласына жанармай құю үшін қонуға мәжбүр болған. Осы кезде құспен соқтығысу фактісі анықталған.
SCAT әуе компаниясы ұшаққа қажетті техникалық тексеріс жүргізіп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша әуе кемесін жібергенін мәлімдеді.
Жолаушылардың жағдайы қандай?
Қолайсыздықтарды азайту мақсатында жолаушыларға ыстық тамақ пен қонақүйде орналастыру қызметі ұсынылған. SCAT өкілдері бұл жағдайға байланысты жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға барынша тырысқанын атап өтті.