
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен «өте жақсы және нәтижелі келіссөздер» жүргізгенін хабарлады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
Трамптың мәлімдемесі
«Ресей президенті Владимир Путинмен өте жақсы және нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Осы қанды қасап соғыстың ақыры аяқталуына үлкен мүмкіндік бар. Алайда дәл қазір мыңдаған украин әскері ресейлік күштермен толық қоршауға алынған және өте қиын, осал жағдайда тұр. Мен президент Путиннен олардың өмірін сақтап қалуды сұрадым. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған жойқын қырғынға айналар еді. Құдай олардың барлығына жар болсын!!!» – деп жазды Трамп.
Трамп кіммен сөйлесті?
Дегенмен Трамптың нақты Путинмен жеке сөйлескені ме, әлде Ресей президенті АҚШ арнайы өкілі Стив Уиткоффпен Кремльде келіссөздер жүргізді ме – ресми мәлімдемеде айтылған жоқ.
Кремль Путин мен Трамптың жеке әңгімелескені туралы ешқандай ақпарат таратқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп өкілдері Ресеймен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеге атанған еді.