Біреудің ЭЦҚ кілтін пайдаланғандарға 200 мың мен 600 мың теңге аралығында айыппұл салынады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Біреудің ЭЦҚ кілтін
Біреудің ЭЦҚ кілтін пайдаланған адамға 200 мыңнан 600 мыңға дейінгі аралықта айыппұл салынады / Фото: Ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Енді біреудің ЭЦҚ кілтін пайдаланғандарға айыппұл салынады. 2025 жылғы 13 наурыздан бастап ӘҚБтК-нің 640-бабының жаңа 6-тармағы күшіне енді. Оған сәйкес басқа тұлғаның ЭЦҚ жабық кілтін пайдалануға тыйым салынған.

Қандай жаза қарастырылған?

Күшіне енетін Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес бір тұлғаның жабық электронды кілтін пайдалануға әкімшілік жаза қарастырылған. Яғни жаңа заң нормаларына сәйкес, мұндай заңбұзушылыққа барған адамдарға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі мынадай:

  • жеке тұлғаларға қатысты – 50 АЕК, ақшаға шаққанда 196 600 теңге;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1100 АЕК, 393 200 теңге;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК, 589 800 теңе;

Бизнеске қалай әсер етеді?

Бұл заң бухгалтерлермен аутсорсинг негізінде жұмыс істеп отырған бизнес иелерінің жұмысын біршама қиындатуы мүмкін. Өйткені шағын компаниялардың салықтық және бухгалтерлік есептерін көбінде бухгалтерлер аутсорсинг негізінде жүргізеді. Яғни кәсіпкерлер есепшіге өздерінің электронды цифрлы кілттерін тапсырып, компанияның есебін жүрізуге мүмкіндік береді. Күшіне енген заң бухгалтерлік қызметтерді ұсынатын компаниялар мен жеке дара бухгалтерлер үшін біршама қиындықтар туғызуы мүмкін.

Компаниялардың есебін жүргізетін есепшілер айыппұл тәуекелінің артуына байланысты өз қызметіне алатын ақы көлемін арттырып, шағын кәсіпкерлер үшін қиындықтар туғызуы мүмкін.

 

Сондай-ақ оқыңыз