
2026 жылы Ұлттық құрылтай Қызылордада өтеді. Бұл туралы Бурабайда өткен IV құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын», – деді президент.
Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз күнгі құрылтайда перзидент шенеуніктерді сынап ономастика туралы айтты, ұлттық киімді дәріптеуге шақырып, кино саласына мән беруді тапсырды.