
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда ономастика садасындағы олқылықтар туралы айтты. Айтуынша кейбір шенеуніктер Кеңсе одағы тұсында ашаршылыққа үлес қосқан адамдарды орынсыз мадақтаумен айналысады.
Ономастика мәселесіне қатысты президент қазіргі уақытта көшелер мен елдімекендерге атау беру немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде, жергілікті атқарушы органдардың көп қателік жіберіп, жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол беретінін айтты. Мұның алдын алу үшін президент ономастика саласын орталықтандыру туралы шешім қабылдаған. Президенттің бұл бастамасын депутаттар қолдаған. Нәтижесінде ономастика саласындағы жұмыстың бірыңғай әрі нақты регламенті енгізілген.
Мұны алдын алу үшін президент тиісті рәсімдерді өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге бұл жұмыспен тиянақты айналысу керек деп санайды.
«Тарихи әділдік қағидатын қатаң ұстану қажет. Біздің көрнекті тарихи тұлғаларымыз ұлықтауға әбден лайық. Олардың есімін ел жадында сақтау – перзенттік парызымыз әрі жалпыұлттық болмысымызға тән қасиет. Бірақ ономастиканы «тарихи еңбегі» ешқандай архив құжаттарымен расталмаған тұлғаларды ұлықтау құралы етуге болмайды. Тәуелсіз Қазақстанда жоғары қызмет атқарған азаматтардың өзі кеңес дәуірінің қайраткерлерін, соның ішінде ашаршылықты ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды әсіре мадақтаумен айналысып жүр. Бұл – өкінішті әрі түсініксіз нәрсе. Жалпы бұл жұмысты ретке келтіру керек», – деді президент.
Қала мен елдімекендерге атақты адамдардың есімін қоя бермей, ономастикалық атауларды өзгертетінде елдімекеннің тарихи атауына мән беру керек екенін атап өтті.
«Ел тарихында айрықша рөл атқарған әйгілі бабаларымыздың есімі көптеген елдімекендер мен көшелерге берілген. Енді осымен тоқтайық. Өткен заман қайраткерлерінің атын ел жадында сақтау мәселесіне мейлінше салмақты көзқараспен қараған жөн. Қалалар мен көшелердің атауынан халқымыздың төл тарихы көрініс табуы қажет», – деді Тоқаев.
Сонымен қатар президент кәсіпкерлерге жекеменшік нысандарға атау бергенде де жүгенсіздік болмауына мән беру қажет екенін ескертті.