Жаңалықтар

Қазақстанда ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда ядролық энергетика агенттігі құрылады/ Коллаж: kursiv.media архиві

Алдағы уақытта  елімізде ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай жиынында мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салынатынын еске салды. Сондай-ақ оның нәтижесінде толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажеттігін атап өтті.  

«Осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек»,- деп мәлімдеді  Президент.

Айта кетейік, Бурабайда өткен құрылтайда Тоқаев елде қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікір білдірді. Бұдан бөлек, бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ұстанымын да жеткізді.