Жаңалықтар

1999 жылы кісі өлтірген адам арада 25 жыл өткенде ұсталды

1999 жылы адам өлтірген адам арада 25 жыл өткенде ұсталды
1999 жылы кісі өлтірген адам арада 25 жыл өткенде ұсталды/Фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі осыдан 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылғанын хабарлады.

Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұм тұншығып өлгенін көрсеткен.

«Күдікті көршілес елде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу «адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталған. Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болғаны айтылды.

Күдікті бүгінде қамауға алынып, іс материалдары сотқа жіберілген.

Бұған дейін, ішкі істер министрлігі интернет арқылы танысып, тонау әрекеттері жиілегенініне байланысты азаматтарға ескерту жариялаған.