Жаңалықтар

Абылай ханның Қытаймен қарым-қатынасы және “Панда дипломатиясы” – Qalam-ның апта таңдауы

Абылай ханның Қытаймен қарым-қатынасы және «Панда дипломатиясы» – Qalam-ның апта таңдауы
Абылай ханның Қытаймен қарым-қатынасы және «Панда дипломатиясы» – Qalam-ның апта таңдауы/Фото: Photo by Toronto Star Archives/Toronto Star via Getty Images

Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі жайлы тың деректер, алғашқы кезеңдердегі таққа талас, Абылай ханның билігі тұсындағы сыртқы қатынастар және тағы басқасы – Qalam Global өткен аптада осы және өзге де қызық тақырыптарды көлемді, қызық материалдар жариялады. Тарихи тартыстарды ұнататын, үнемі өткен ғасырлар жайлы жаңа ақпарат алғысы кеп тұратын іздемпаз жандар үшін бүгінгі топтама тамаша азық болары анық. Сонымен, Qalam өткен аптада не жазды?

«Аң-құсты пайдаланатын дипломатия»

Пандалар мен жирафтар дипломатияда сый-сыяпат есебінде жүргені

«Панда дипломатиясы» дегенді естуіңіз бар ма? Бұрын сыртқы қарым-қатынаста аң-құстың ерекше маңызға ие болғанын естіп пе едіңіз? Animal Democracy шартына сай, халықаралық қатынаста елдер арасында дипломатиялық байланыс орнатып, оны нығайту үшін аң-құсты пайдаланады. Бұл тактика ежелден бар,  тіпті күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Ал қай мақсаттта қаң аң қолданылғаны, қай кезеңде қай жануар бағалырақ болғаны жайлы тың дерек Qalam-ның жаңа мақаласында берілген.

Піл, жираф, жылқы, панда – сыртқы қарым-қатынастағы дипломатиялық сый ретінде ең жиі берілетін жануарлар. Соның ішінде панда Қытай елі үнемі сыйға тартатын дипломатиялық тарту және бұл тартуды аспан елі асты елінен алғаш КСРО алған деген де дерек бар.

Шри-Ланка президенті Джаявардене президент Рональд Рейганға піл сыйлап жатыр/Ron Galella / Ron Galella Collection via Getty Images
Шри-Ланка президенті Джаявардене президент Рональд Рейганға піл сыйлап жатыр/Ron Galella / Ron Galella Collection via Getty Images

Ал өзге елдер қандай жануарды сыйға тартады? Қай жануарды қандай мақсатпен береді? – Мұны мақаладан оқып алсаңыз болады.

Таққа талас:

Қазақ хандығы құрылуының алғышарты

Бұл – Qalam порталындағы Сұлтан Әкімбеков курсына негізделіп жарияланған мақаланың бірінші бөлімі әрі сайттағы көлемді материалдардың бірі. Мақаланың бұл бөлімінде тарихшы Сұлтан Әкімбеков Жошы ұлысының қалай ыдырағанын, одан кейін Шыңғыс хан ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Қазақ хандығының қалай құрылғанын және кейін бұл үдеріс жаңа мемлекеттер мен бірегей құрылымның қалыптасуына қалай ықпал еткені туралы баяндайды.

Бейсембай Ақзел/Qalam редакциясы
Бейсембай Ақзел/Qalam редакциясы

Автор мақаланы «Империяның ыдырауы және билік үшін күрес»,  «Әулеттер арасындағы соғыс және легитимділік», «Жаңа этникалық кімдіктің қалыптасуы: қазақ, өзбек және ноғай», «Қазақ» сөзінің түп төркіні” деген төрт бөлімге бөле отырып, әр кезеңге толық тоқталуға тырысады. 

Сонымен қатар мақалада карталар, фотосуреттер және тағы басқа мультимедиалық деректер ұсынылған

Қазақ хандығы. Қалыптасу кезеңі

Аласапыран соғыс

Бұл – Qalam Global порталында жарияланған кезекті көлемді мақала әрі жоғарыда аталған Сұлтан Әкімбеков курсына негізделіп жасалған серияның екінші бөлімі. «Сырдария мен Жетісуға талас»,  «Ұлы бетбұрыс алдында»,  «Кикілжіңдер, дағдарыс пен орталықсыздандыру», «Ойрат пен қалмақ шапқыншылығы»,  «Үш жүздің» пайда болуы” деп аталатын бес бөлімнен тұратын мақала тарихтың өте маңызды кезеңдерінің бірін қамтиды.

Юзеф Рышкевич. Түрік әскерінің авангардындағы «татарлар». 1909. Варшава ұлттық мұражайы/Wikimedia Commons
Юзеф Рышкевич. Түрік әскерінің авангардындағы «татарлар». 1909. Варшава ұлттық мұражайы/Wikimedia Commons

Мақала Еуразия мен Орталық Азия даласын кең жайлаған Моңғол империясының мұрагерлері — Жошы Ұлысы мен Темір әулеті құрған мемлекеттер ыдырап тынғаннан кейінгі тұрақсыздау кезеңді баяндаудан басталады. Кейінірек биліктің өзгеріп, елде қандай кикілжің туып, нендей әлеуметтік мәселелер болғаны және оларды шешу үшін нендей амал-айла қарастырылғаны туралы да тарихи деректер келтірілген

Тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлымен сұхбат:

Абылай хан кезіндегі қазақ-қытай қарым-қатынасы жайлы

Нәбижан Мұқаметханұлы/Qalam
Нәбижан Мұқаметханұлы/Qalam

Qalam Global бұл жолы Қазақстан тарихына ден қойғаны көрініп тұр. Себебі портал оқырманына осы тақырып төңірегінде бірден бірнеше мақала ұсынды. Соның ішінде тарих ғылымдарының докторы, қытайтанушы Нәбижан Мұқамедханұлымен сұхбат қазақ-қытай қарым-қатынасына қатысты жаңа дерекке толы. Тарихшы бұл сұхбатында қытай жазбаларында «қазақ» атауы қашан алғаш рет ұшыраса бастағанын, екі ел арасындағы сауда-саттық қалай жүзеге асып отырғанын, қазақтар қалай салықтан босатылғанын айтып береді. Сонымен қатар ол «Абылай хан Қытайдың вассалы болды ма?» деген сұраққа жауап беруге тырысып, Абылай ханның билігі кезеңі жайлы толық баяндап береді.