Жаңалықтар

Өңірлер су тасқынының алдын алу үшін не істеп жатыр

Өңірлер су тасқынының алдын алу үшін не істеп жатыр
Өңірлер су тасқынының алдын алу үшін не істеп жатыр/Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі су басу қаупін азайту бағытында жасалып жатқан алдын алу және инженерлік жұмыстарды көрсетті.

Астана

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер 7,4 млн. астам текше метр қар шығарып, 57 081 метр арық-науа желілерін тазартқан. Сондай-ақ қала шегіндегі Есіл өзенінің арнасы бойында айналма жол жүргізілген.

Абай облысы

Қардың қалыптан тыс көп мөлшерінің түсуіне байланысты Үржар мен Мақаншы аудандарында 75 адам мен 9 техникадан тұратын ТЖД және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары құрылған.

Батыс Қазақстан облысы

Қар шығару, еріген суды сору, қапшықтарды толтыру және төсеу, сондай-ақ жару, мұз кесу және өзендерде мұз бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бәйтерек ауданында, сондай-ақ Сырым және Қаратөбе аудандарында қапшықтарды толтыруды жалғастыруда.

Қостанай облысы

Қостанай-2 шағын ауданында құтқарушылар Полиция академиясының курсанттарымен бірлесіп көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың аула аумақтарындағы қарды тазартуға назар аударылған. Бұдан басқа инертті материалдары бар қапшықтарды дайындау жүргізілуде, ол қажет болған жағдайда су бұру тосқауылдарын жасау және маңызды объектілерді қорғау үшін пайдаланылады.

Павлодар облысы

Ақтоғай ауданының Жамбыл ауылындағы Талинка өзені арнасының 7,8 км учаскелерінде тереңдету жүргізілген. Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында ауқымды инженерлік жұмыстар атқарылған. Ұзындығы 2 мың метр болатын жер қорғаны салынған. Сонымен қатар еріген суды жинау үшін жалпы сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын үш шұңқыр жабдықталған. Ақсу қаласындағы Сәтбаев және Степная көшелерінің оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс жағынан ұзындығы 1971 метрді құрайтын жасанды жер үйіндісін салу жұмыстары аяқталған.

Солтүстік Қазақстан облысы

ТЖД мамандары әскери қызметшілермен бірлесіп қорғаныш құрылыстарын нығайту және жергілікті тұрғындар үшін қатерді азайту бойынша шаралар жасап жатыр. Оған ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылған. Жұмыстар кешені жағалау сызығын нығайту үшін 1900 қапшық дайындау, төсеу, 180 метрді полипропилен төсемдерімен нығайту жұмыстарын қамтыған.

Ұлытау облысы тасқын қаупіне байланысты адам мен малды эвакуациялауға қамданып жатыр.