Франция, Германия мен Жапонияда тегін оқу: гранттар мен тағылымдама топтамасы

Жарияланды
Франция, Германия мен Жапонияда тегін оқу/Фото: kursiv.media архивінен

Жаңа білім алуды, оқуға түсуді немесе шетелге барып, тағылымдамадан өтуді жоспарлап жүрсіз бе? Kursiv.Media осы айдағы тағылымдама және университеттерге грант тағайындау бағдарламаларының тізімін әзірлеп, талаптары туралы деректерді жинады.

Франциядағы Tulip 2025 жазғы мектебі

Tulip жазғы мектебі – CNRS, INRAE және Тулуза, Мулис пен Перпиньян университеттерінің қолдауымен  LabEx TULIP ұйымдастырған оқыту бағдарламасы. 2025 жылы оқу бағдарламасы Герм Лоурон таулы орталығында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл локация қатысушыларға ғылыми жобамен айналысып, тәжірибе алмасуға таптырмас жер деп есептейді.

Бұл жолғы таңдалған тақырып –  «Биологиялық әрекеттесу: геннен экожүйеге дейін». Мектеп аясында студенттер түрлі лекция мен семинарға қатысып, кейінгі жазылған ғылыми еңбектермен және жобалармен танысып, топтық зерттеу жұмысына қатысады.

Қатысушылар жетекші ғалымдармен қатар университеттердегі ғылыми орталықтарда істейтін жас ғалымдармен пікір алмаса алады. Бұл терең білім алып, тәжірибе алмасып, халықаралық ғылыми қауымдастықтың бір мүшесі болу мүмкіндігін сыйлайды.

Өтетін уақыты: 2025 жылдың 21-27 маусым аралығы.

Өтініш беру мерзімі: 7 наурыз, 2025 жыл.

Қытайдағы GRIPS 2025 жазғы тағылымдама бағдарламасы

GRIPS 2025 зерттеу тағылымдамасы — бакалавриат пен магистратура студенттеріне арналған толығымен қаржыландырылатын тағылымдама.

Комиссия әлем бойынша 200-ге жуық ең үздік талантты таңдап алып, оларға Қытайдағы танымал төрт университетте керемет зерттеу тәжірибесін жинау мүмкіндігін сыйлайды. Студенттер инженерлік, технология, медицина, жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша жоба таңдай алады.

Өтініш беру мерзімі: 9 наурыз, 2025 жыл.

«On The Premises» шағын әңгімелер байқауы 

Байқауға кез келген деңгейдегі жазушылар қатыса алады. Қатысу үшін тек өзгелерден ерекшеленіп тұратын, көлемі 1000-5000 символ болатын, ағылшын тілінде берілген тақырыпқа сәйкес жазылған әңгіме ұсынуыңыз керек.

Жүлде қоры: 

– Финалистердің бәрі қатысқаны туралы сертификат алады.

  • 1 орын – 250 доллар
  • 2 орын – 200 доллар
  • 3 орын – 150 доллар

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылдың 28 наурызына дейін.

Гамбург университетінің шәкіртақысы

Гамбург университеті – Германияның Гамбург қаласында орналасқан мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Ол 1919 жылы 28 наурызда ашылған. QS World University Rankings дерегіне сәйкес, университет әлемде ұлттық деңгей бойынша 191-орында тұр. 

Университет ай сайын 930 еуро көлемінде қаржыландыруға ие болу мүмкіндігін ұсынады. 

Өтініш беру мерзімі: 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін.

Huawei 2025-26 тегін онлайн курстары

Huawei компаниясы IT және деректерді талдау бойынша онлайн курс әзірледі. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі студенттер мен мұғалімдер қолдана алады.

Өтініш беру мерзімі: Сабақтарды жыл бойы көре аласыз.

Окинава ғылым және технологиялар институтында тағылымдамадан өту

OIST институты STEM саласы бойынша институттың тағылымдама бағдарламалары аясында оқып, зерттеу жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Әдетте тағылымдама мерзімі 3-6 айға созылады.

Қатысушыларға әуе билеттері, кампус территориясынан баспана, жол ақысы және бір жұмыс күніне есептелген 2400 иен шәкіртақы ұсынылады. 

Өтініш беру мерзімі: 15 сәуір, 2025 жыл.

UI Great Scholarship 2025

UI GREAT шәкіртақы бағдарламасы Индонезия университетінде магистратура бағдарламаларын оқығысы келетін шетелдік студенттерге арналған. 

Шәкіртақы студенттің таңдаған бағдарламасына қарай, оқу ақысын толық не жартылай өтейді. Сонымен қатар баспана, медициналық сақтандыру және әуе билеттері шығыны да шәкіртақы есебінен өтеледі.

Өтініш беру мерзімі: 27 наурыз, 2025 жыл.

Transilvania Academica 2025 шәкіртақысы

TAS бағдарламасы баклавриат, магистратура және докторантура студенттеріне арналған. Оның басты мақсаты – университтеттің халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру. Қатысушыларға қойылатын басты шарттардың бірі – өтінім беруші ЕО территорисынан тыс аймақта өмір сүруі керек.

Шәкіртақы оқу шығынын жабады, университет жатақханасынан тегін тұратын жер береді және 170 АҚШ доллары көлемінде ай сайынғы жәрдемпұл да төленеді.

Өтініш беру мерзімі: 25 сәуір, 2025 жыл.

Сондай-ақ енді қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиясымен бакалавр дәрежесін де ала алады. Ғылым және жоғары білім министрлігі үміткерлерді іріктеу тәртібін өзгертіп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз