Lifestyle

Александр Бублик АҚШ-тағы ATP Challenger турнирінің финалына шықты

Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик/фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Финикстегі ATP Challenger турнирінің (АҚШ, Аризона) финалына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы жартылай финалда әлемнің 36-ракеткасы – португалиялық Нуно Боржешті жеңді. Бублик 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 10 минутқа созылды.

Енді Александр Бублик финалда бразилиялық Жоао Фонсекамен кездеседі. 18 жастағы бразилиялық әлемдік рейтинге 80-орында тұрса, қазақстандық теннисші 82-орында тұр.