
16 наурыз, жексенбі күні Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді.
Қазақстандық бокс жанкүйерлері үшін бұл күн ерекше маңызды, өйткені ұлттық құраманың бес қызы алтын жүлде үшін таласады. Финалға жолдама алған боксшыларымыз:
- Назым Қызайбай (48 кг) – Ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасады.
- Алуа Балкибекова (50 кг) – Қытайлық Ху Мэйимен күш сынасады.
- Виктория Графеева (60 кг) – Ресейлік Нуне Асатрянға қарсы шығады.
- Аида Абикеева (63 кг) – Тайланд өкілі Тананья Сомнуекпен кездеседі.
- Елдана Тәліпова (81+ кг) – Қытайлық Илян Чжанмен алтын үшін таласады.
Финалдық кездесулер қазақстандық уақыт бойынша 21:00-де басталады. Бокс сүйер қауым бұл маңызды жекпе-жектерді YouTube-тағы ресми IBA Boxing арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
