Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Жарияланды 16 Наурыз 2025 21:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды / фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

48 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Назым шешуші жекпе-жекте ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Қызайбай әлем чемпионатының финалында үшінші рет топ жарды. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылдары алтын медаль иеленген еді.

Сонымен қатар, 50 келі салмақта Алуа Балқыбековa алғаш рет әлем чемпионы атанды. Алуа қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген қазақстындық боксшы, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Сондай-ақ оқыңыз