Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 6 жыл бойы шикі газ жаққан компания мемлекетке 8,4 млрд теңге шығын келтірген

Buzachi Operating Ltd 8,4 млрд теңге айыппұл төледі / Фото: kursiv.media

Маңғыстау облысында 6 жыл бойы ауаға шикі газ жаққан компания мемлекетке 8,4 млрд теңге зала келтірген. «Бузачи Оперейтинг Лтд» компаниясы келтірген шығынды толық өтеді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, Buzachi Operating Ltd компаниясының заң бұзғанын анықтаған. Компания алты жыл бойы мұнай мен газ өндіріп, шикі газды рұқсатсыз жаққан және мұнай-газ шығындарына жол берген.

Сот компанияны 8,4 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттеді. Компания сот шешіміне қарсы шағымданғанымен, апелляциялық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

Наурыз айында компания мемлекетке барлық шығынды толық өтеген.

Аталмыш компания 2014 жылы құрылған. Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бозашы кен орында шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру және сатумен өндірумен айналысады. Бірінші басшысы – Чжу Айцзюнь.

Egov сайтындағы ақпаратта компанияның 1 құрылтайшысы бар делінгенмен, ашық жазылмаған.

2023-2024 жылдары 1,9-2 млрд теңге салық төлеген. Қаржы есептілігі депозитарииіндегі компанияның соңғы 2019 жылғы есебіне сәйкес, (одан жаңасы жоқ) бас компаниясы Британияның Виргин аралдарында тіркелген.