Банк пен қаржы

Ресей мен Қытайға тауар жеткізу қысқарды: экспорт бір жылда 10%-ға төмендеген

Коллаж: kursiv.media, биль-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан қай елдерге не сатады және қай елден не импорттайды?

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 10,3%-ға аз. Экспорт 5,1 млрд долларды құраса, импорт 4 млрд долларға жетті.

Қазақстан қандай елдерге тауар экспорттайды?

Негізгі экспорттық бағыттар:

  • Италия: Қазақстанның жалпы экспортының 28,1%-ын құрап, 1,4 млрд долларды құрады.
  • Қытай: 14,7% (748,3 млн доллар), өткен жылмен салыстырғанда 43% төмендеу байқалды.
  • Ресей: 9,8% (498,7 млн доллар), 24,3% төмендеген.
  • Франция: 5,4% (274,9 млн доллар), 6% өскен.
  • Түркия: 5,3% (271,9 млн доллар).

Бұл деректер Қытай мен Ресейге экспорттың төмендегенін, ал Еуропа елдеріне, әсіресе, Италия мен Францияға жеткізілімдердің өскенін көрсетеді.

Қазақстан экспортының негізгі бөлігін шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған мұнай өнімдері құрайды. Олардың үлесі 53,5%-ға тең. Сондай-ақ тазартылған мыс және мыс қорытпасы (5,6%), ферроқорытпалар (3,1%), мыс кені мен концентраты (2,7%) , ал мұнай газы және өзге де газ тәріздес көмірсутек (2,2%) құрайды.

Негізгі импорт-серіктестер:

  • Қытай: bмпорттың 32,2%-ын құрап, 1,3 миллиард долларға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,1% өскенін көрсетеді.
  • Ресей: 27% (1 мkрд доллар), Импорт 5,4% төмендеген.
  • Оңтүстік Корея: 4,5% (180,9 мkн доллар), 14,6% өсім бар.
  • Германия: 3,3% (131,1 мkн доллар), 48% азайған.
  • АҚШ: 3% (123 мkн доллар), 33,8% төмен.

Импорттың негізгі бөлігін телефон аппараттары құрайды, олардың жалпы импорттағы үлесі 3,2%-ға тең. Моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (3,1%), дәрілік заттар (31%) мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,71%), ал жеңіл автокөліктер (2,71%) құрайды.

ЕАЭО елдерімен сауда

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен саудасы 1,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеді. ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстанның негізгі серіктесі – Ресей, оның саудадағы үлесі 90,1 пайызды құрайды. Одан кейін Қырғызстан, Беларусь және Армения келеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 600,7 млн АҚШ долларын құрап, 17,6 пайызға төмендеді, ал импорты 1 162,5 млн АҚШ долларын құрап, 4,9%-ға азайды.

Қазақстан экспортында энергетикалық ресурстар, соның ішінде мұнай және газ, сондай-ақ металлургиялық өнімдер басым. Ал импортта электроника, көлік құралдары және дәрі-дәрмектер негізгі орын алады. Қытай мен Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, олар экспорт пен импорт көлемі бойынша көш бастап тұр.