
2025 жылдың 9-16 наурызы аралығында Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа 51 мемлекеттен келген үздік спортшылар қатысты. Чемпион атанғандар 100 мың АҚШ долларын иеленсе, күміс жүлдегерлер 50 мың, қола жүлде иегерлері 25 мың доллардан алды. Ал ширек финалға дейін жеткен боксшылар 10 мың доллар сыйақыға ие болды.
Қазақстан құрамасының жетістігі
Қазақстан құрамасы бұл додада тарихи нәтижеге қол жеткізіп, үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында:
- 48 келі салмақта – Назым Қызайбай (алтын)
- 50 келі салмақта – Алуа Балқыбекова (алтын)
- 63 келі салмақта – Аида Әбікеева (алтын)
- 60 келі салмақта – Виктория Графеева (күміс)
- +81 келі салмақта – Елдана Тәліпова (күміс)
- 70 келі салмақта – Наталья Богданова (қола)
Айта кетейік, Назым Қызайбай Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ әр әлем чемпионатында Қазақстан әнұранын алғашқылардың бірі болып шырқатты.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының үш боксшысы тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегерлер қатарына қосылды. Боксшыларымыз жалпы 35 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жетті. Олардың ішінде Еуропа боксшыларымен 16 кездесу, Азиямен 10, Африкамен 4, Оңтүстік Америкамен 2, Солтүстік Америкамен 2 жекпе-жек өтті.
Жалпы командалық есеп
- Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
- Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
- Қытай – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола
- Сербия – 1 алтын, 5 қола
- Солтүстік Корея – 1 алтын, 2 қола
- Марокко – 1 алтын, 1 қола
- Таиланд – 2 күміс, 1 қола
- Ирландия – 2 күміс
- Өзбекстан – 1 күміс, 3 қола