Айыппұл төлемес үшін есеп беру кезінде бухгалтерлер ЭЦҚ-ны қалай қолдануы керек

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Біреудің ЭЦҚ кілтін
Есеп беру кезінде ЭЦҚ-ны айыппұл төлемей пайдалану үшін сенімхат рәсімдеу ұсыналады / Фото: Ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Енді бөтен адамның электронды цифрлы қолаңбасын (ЭЦҚ) қолданғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Есеп беру кезінде заң бұзбас үшін не істеу керек? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.

Есеп беру кезінде ЭЦҚ-ны айыппұл төлемей қолданудың мынадай тәсілдері ұсынылған:

  • Рұқсат сенімхатын рәсімдеу;
  • Есептілікті басшының өзі тапсыруы.

Заң талаптары бұзылмас үшін заңды және жеке тұлғаларға ресми сенімхат рәсімдеуі керек.

«Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе оның тағайындаған тұлғасына (соның ішінде аутсорсингтік ұйымдарға) электрондық құжатқа қол қою құқығын бере алады», – делінген хабарламада.

Ал жеке кәсіпкерлер қол қою құқығын беретін сенімхатты есепшіге немесе басқа уәкілетті тұлғаға нотариустың куәландыруымен рәсімдей алады. Бұл орайда әрбір жеке кәсіпкер тек өз атына алған ЭЦҚ-ны пайдалануы керек.

Министрлік мәліметінше, бұл сенімхаттар тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.

Есепті басшының өзі тапсыруы керек

Екінші тәсіл арқылы есеп бергенде, ЭЦҚ-ны басшының өзі пайдаланады. Министрлік басшыларға есептілікке өз бетінше қол қоюды ұсынады. Өйткені бұл тәсіл ең сенімді және ЭЦҚ-ны пайдалану кезінде жеке жауапкершілік қағидатын сақтауға кепілдік береді.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ЭЦҚ-ның заңсыз пайдалануына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Тиісті шаралар қабылдамаған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең дәрежеде танылады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда бірдей заңдық салдарға әкеледі», – деп ескертеді министрлік.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергендерді жауапкершілікке тарту туралы норма 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ал ЭЦҚ-ны бөтен адам пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін норма 2025 жылдың 13 наурызында күшіне енді. Бұл норма аутсорсингте істейтін бухгалтерлік компаниялар мен жекелеген есепшілер үшін айтарлықтай қиындық туғызатыны айтылған.

Жалпы бөтен адамның ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін қарастырылған айыппұл көлемі келесідей:

  • жеке тұлғалар заң талаптарын бұзса, 50 АЕК – 196 600 теңге;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері заң талаптарын бұзса, 1100 АЕК – 393 200 теңге;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері заң талаптарын бұзса – 150 АЕК – 589 800 теңге;
Сондай-ақ оқыңыз