Жаңалықтар

АҚШ енді Украинада Ресей әскерилері жасаған қылмыстарды тергеуге қатыспайды

АҚШ Украинадағы қылмыстарды
АҚШ енді Украинадағы Ресей әскерилері жасаған қылмыстарды тергеуге қатыспайды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

АҚШ енді Украинадағы соғыс кезінде Ресей әскерилері жасаған қылмыстарды тексермейді. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлаған.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ әділет министрлігі еуропалық шенеуніктерге Америка Құрама Штаттарының Украинаға басып кіруге жауапты жетекшілерді, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путинді тергеу үшін құрылған жұмыс тобынан шығатыны туралы хабарлама жіберген.

«Украинаға қарсы агрессиялық қылмысты қудалау жөніндегі халықаралық жұмыс тобына Байден әкімшілігі 2023 жылы қосылған. Ал одан шығу туралы шешім Трамп әкімшілігінің украиндықтарға қарсы жасалған қылмысы үшін Путинді жауапкершілікке тартпайтынын білдіреді», – деп жазады басылым.

АҚШ өз шешімі туралы бүгін, 17 наурызда топ ұйымының мүшелеріне электрондық пошта арқылы хабарлайды.

Америка Украинадан теріс айналған тұста, Киевке Еуропа елдері қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинаға бітімгершілік контингентін жіберуге міндеттеме алмақшы. Сонымен бірге Еуропаның бірнеше елдері қосылып Ресей басқыншылығынан қорғау мақсатында Укараинаға 30 мың әскери жебіруді көздеп отыр.