Атом энергетикасы саласының мамандары Қытайда оқуы мүмкін – Тоқаев СNNC компаниясының басшысын қабылдады

Жарияланды
Қытайдың атом энергетикасы саласына
Тоқаев Қытайдың СNNC компаниясының бас директорын қабылдап, атом энергетика саласын дамыту мәселесін талқылады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдап, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылаған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның атом энергетика саласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігі құрылатынын айтқан.

Сондай-ақ президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне Қазақстан тарапының үлкен қызығушылық танытып отырғанын жеткізген.

Қытайлық компания өкілі президентке CNNC-дің Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы айтқан.

«Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз