
Ұлыбритания Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы тұру үшін қақтығыс аймағына шексіз мерзімге өзінің бітімгерлік контингентін жіберуді ойластырып жатыр. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.
Басылымға бұл туралы Ұлыбританияның лауазымды тұлғаларының бірі хабарлаған. Дереккөз әскердің бейбітшілік келісімін сақтап, Ресейді тежеу үшін жіберілетінін айтқан. Сонымен бірге дереккөз Ұлыбритаия премьер-министрінің бейбітшілік сақтау мақсатында батыс одақтастарымен бірге әскер жіберуге қатысты міндеттеме алуға дайын екенін жеткізген.
Алдағы бейсенбі, 20 наурыз күні Лондонда қорғаныс басшылары кездесіп, бітімгершілік күштерді қайда орналастыратынын нақтылайтыны айтылған. Жалпы Украинаға
Ұлыбритания, Франция, Түркия, Канада және Аустралия сияқты елдер бітімгершілік әскерін жіберуді ойластырып жатыр. Барлық ел бірігіп, жалпы 30 мыңға жуық әскер жіберу мәселесін талқылап жатыр. Ал басқа елдер қару-жарақ пен логистика жағынан көмектесуге дайындығын жеткізген.
Бұл әскерилердің қандай да бір шиеленіс туындағанда, Ресей әскеріне қарсы оқ атуына рұқсат етіле ме, жоқ па әлі шешілмеген. Кездесу барысында бітімгершілік контингенттің қандай шарттармен жіберілетіні талқыланады.
Еске сала кетсек, Франция президенті Эммануель Макрон Украинаның капитуляция жасауына жол бермейтінін айтып, Еуроодақпен бірлесіп, Зеленскийге барынша қолдау көрстететін жеткізген болатын. Осыдан кейін Францияның қорғаныс министрлігі Украина әскерилерімен барлау деректерімен бөлісетінін жеткізді.