«Ойнай алмаса да, 20 млн айлық алып отыр»: Шымкент әкімі Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергенді сынға алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Асхат Тағыберген ойнай алмай қалды, сонда да кеткісі келмейді», дейді әкім./ »./коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
«Асхат Тағыберген ойнай алмай қалды, сонда да кеткісі келмейді» / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Асхат Тағыберген ойнай алмай қалды, кеткісі де келмейді. Ашығын айтқанда, айлығы – 20 млн теңге».

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков футболшы Асхат Тағыбергенді осылай сын тезіне алды.  

Kazfootball ақпаратына қарағанда, шаһар басшысы «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің қанша айлық алатынын ашық айтқан.

Сонымен қатар команда жаттықтырушысы қызметіне Клод Макелелені тағайындау туралы оқиғаға туралы да пікір білдірген.

«Бізге «батпақ» команданы қалдырып кетті. Футболшылардың орташа жалақысы – 15 млн теңге. 2 жылға келісімшарт жасасқан. Олар УЕФА-да тіркелген. Егер олармен келісімшартты бұзсақ, толық тұрақсыздық айыбын төлеуіміз керек болады. Асхат Тағыберген ойнай алмай қалды, кеткісі де келмейді, отыр. Ашығын айтқанда, айлығы – 20 млн теңге. Бұл жағдайда мен ештеңе істей алмаймын», – деді әкім.

Ғабит Сыздықбеков клубтың жаттықтырушысы ретінде Клод Макелеледен неге бас тартқанын түсіндірді.  

«Андрей Мартин – өте күшті тренер. Шындығында, Клод Макелеле «Ордабасының» жаттықтырушысы болғысы келді. Дайын да болды. Бәрі келісілген еді. Соңында мен бас тарттым. Атағы бар, ісі жоқ адам маған неге керек?» – деді әкім.

Асхат Тағыберген капитан болатын Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушысы тағайындалғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз