Германияда трамвайда әйелді өртеген ер адам ұсталды

Германияның Гера қаласында ер адам трамвайдың ішінде бір әйелді өртеген. Ертеңіне полиция 46 жастағы күдікті ұстады.
Риа новости ақпаратына қарағанда, бұл туралы Германияның құқық қорғау органының баспасөз қызметі хабарлаған.
Оқиға өткен жексенбі күні болған. Тюрингия федералды өлкесіне қарасты Гера қаласында белгісіз біреу трамвайда әйелдің үстіне тез тұтанатын сұйықтық құйып жіберген. Артынша от жағып, киіміне от қойып, артынша қашып кеткен.
Жәбірленуші әйел ауыр жарақат алған. Алайда басқа жолаушылар зардап шекпеген. Полиция дереу іздеу жариялады. Көп күттірмей, ер адам полицияға өз аяғымен келіпті.
«Іздестіріліп жатқан адам бүгін таңертең Гера қаласындағы жергілікті полиция бөліміне өзі келіп, қарсылықсыз ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.
Мұның алданда Маңғыстау облысы әкімдігі алдында ер адамның өзін-өзі өртеп жібергені туралы жазғанбыз.