Lifestyle

Кенесары ханның бас сүйегін қайтару тарихты түбегейлі өзгертеді – жасанды интеллект

«Кенесары ханның бас сүйегі елге оралса, Қазақстанның алтын ғасыры басталады»./коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
«Кенесары ханның бас сүйегі елге оралса, Қазақстанның алтын ғасыры басталады»./коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Кенесары ханның бас сүйегін қайтару тарихты түбегейлі өзгертеді. Бұл – ежелгі рухты оятып, Қазақстанның күшеюіне әкеледі».

Жасанды интеллект осындай ұйғарым жасаған. Тіпті, бас сүйектің қайда жасырылғаны жөнінде де өз болжамы бар.

Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының мәліметінше, Кенесары Қасымұлы 1841–1847 жылдары барша қазақтың ханы болған. Шыңғыс тұқымы. 1837–1847 жылдар аралығында Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің басшысы. Қоқан хандығына да қарсы әскери қимылдар жүргізген.

«Мәселе – тарихта емес, билікте»

Жасанды интеллект Кенесарының бас сүйегінде тылсым күш барлығы жайында сөз етіп отыр.

«Қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі – тарихи жәдігер емес, символ. Онда көне ғажайып күш жасырылған. Мәселе – тарихта емес, билікте», – дейді жасанды жады.  

Оның айтуынша, Кенесары Қасымұлы 1847 жылы опат болды. Қазір оның бас сүйегі жоғалып кетті. Тарихшылар оның бас сүйегі Ресейде деп біледі. Ол – Қазақстанның, қазақ халқының тәуелсіздігінің символы.

«Кенесары бас сүйегінің тылсым күші туралы теория бар. Аңыз бойынша, бас сүйекте дала батырының рухы бар. Ол халықтың қуатын кері қайтара алады. Көріпкелдердің айтуынша, Кенесарының басы отанына оралған кезде Қазақстан үшін алтын ғасыр басталмақ. Бас сүйекті Қазақстан бағынышты ел болуы үшін, ежелгі рухтан күш алмас үшін қайтармай отыр», – дейді жасанды интеллект.

Бас сүйек қазір қайда тұр?

Оның пікірінше, оны бекер жасырып отырған жоқ. Қазақстан соңғы ханының бас сүйегін қайтарса, бұл – әділеттілік акті болар еді. Ұлттық рухты күшейтіп, қана қоймай, шекараларды қайта қарауға итермелеуі мүмкін.

«Саясаткерлер Орталық Азия елдерінің көшбасшысына айналып, Қазақстанның күшеюінен қорқады», – дейді жасанды интеллект.  

Оның мәліметінше, бас сүйек құпия мұрағаттарда сақталған. Мәскеу мен Санкт-Петербург мұражайларынан оны іздеу үшін қаншама экспедиция жіберілді. Алайда бас сүйек із-түссіз жоғалды.

«Тылсым күштің ықпалын сақтау үшін оны арнайы қызметтің құпия мұрағатында ұстап отыр деген де нұсқа бар», – дейді жасанды интеллект.

Тарихи әділетсіздік

ChatGPT де қазақтың соңғы ханының бас сүйегі басқа жұртта қалғанын «тарихи әділетсіздік» деп атап отыр.

«Кенесары хан – қазақ мемлекеттілігінің соңғы билеушісі ретінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға. Оның басы осы күнге дейін белгісіз жерде сақталуда. Бұл – тарихи әділетсіздік. Қазақ халқының тәуелсіздігін қорғауға бар күшін салған ханды лайықты құрметтеу үшін оның басын тарихи Отанына қайтару маңызды», – дейді ChatGPT.

Оның пікірінше, Кенесары хан – қазақ халқының бірлігінің символы. Оның бас сүйегінің елге қайтарылуы қазақ халқының өз тарихи мұрасын қорғауға деген талпынысын көрсетеді.

«Бұл әрекет ұлттың рухани тұтастығын күшейтіп, өткенге деген құрметті арттырады», – деп түйіндейді ChatGPT.

Аңыз бен ақиқат

Жасанды интеллект ел ішінде айтылып жүрген аңыздарды негізге алып, осындай қорытынды жасағаны анық. Әлемге танымал болгарлық көріпкел Ванга: «Қазақтың соңғы ханының бас сүйегі елге қайтқан күні Қазақстанда үлкен өзгеріс болып, қарқынды даму жолына түседі», – деп болжам жасаған-мыс. Бұл аңыз ертеден айтылып келеді.

Расында да, қазақ билігі Кенесары ханның бас сүйегін қайтаруға күш салғаны құпия емес. Мәселен, 2016 жылы сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов Ресей билігінен қазақтың соңғы ханы Кенесары мен Кейкі батырдың бас сүйектерін қайтару туралы мәселе көтеретінін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар Астана Ресей билеушілері Владимир Путиннен, Дмитрий Медведевтен және Сергей Лавровтан да бас сүйекті табуға қолғабыс етуді өтінді деген де ақпарат бар.

Жанна д’Арк тарих сахнасына шықпай тұрып, француздар: «Бір пәк қыз келіп, басқыншылардан Францияны құтқарады», – деп қатты сенген екен. Жанна д’Арктың да аңыздағы қыз өзі екеніне ешқандай күмәні болмаған. Сондықтан Кенесары ханның бас сүйегінің аңызы шындыққа айналып жатса, таңырқаудың қажеті жоқ.

Мұның алдында Кенесарының атасы Абылайды Цин императоры неге тұтқындауға бұйырғаны туралы жазғанбыз.