«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» 252 үлескерге кепілдік береді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
үлескер компания
«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» құрылыс компанияларына кепілдік береді / Фото: shutterstock

2017 жылдан бері «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» 252 құрылыс компаниясына 1,2 трлн теңгеге кепілдік берген. Соның нәтижесінде 68 мыңнан астам үлескердің қаражаты қорғалды деп хабарлайды компаниядан.

Кепілдік беру үлескерге де және құрылыс компаниясына да артықшылық береді. Біріншіден, үлескердің қаржысына 100% қорғайды. Егер жоба банкротқа ұшыраса, құрылыс «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» есебінен аяқталады.

Кепілдік берілген жобалардың ең көбі:

  • Астанада – 130 жоба,
  • Алматыда – 53,
  • Шымкентте – 26,
  • Қостанай облысында – 7,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5,
  • Ақтөбе облысында – 3,
  • Атырау облысында – 6.

Бүгінде Қазақстанда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға сәйкес, құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуы тек үш жағдайда мүмкін:

  1. Қазақстандық Тұрғын үй компаниясының (ҚТК, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) кепілдігін алған жағдайда;
  2. Жобаға екінші деңгейлі банк қатысқан жағдайда;
  3. Жергілікті әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Кепілдік берілген нысандар туралы толық ақпаратты www.khc.kz сайтында «Жеке тұлғалар» («Үлескерлер») бөлімінен көруге немесе www.homeportal.kz порталынан тексеруге болады. Бұл азаматтарға құрылыс салушыны таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Еске салайық, осы жылы наурызда «Отбасы банкінің» «Наурыз жұмыскер» атты ипотекалық бағдарламасы басталды. Оған қатысу жолдарын мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз