
«Қазақстан автокөлік одағы» (ҚАО) мәліметінше, 2025 жылғы ақпан айында 15 мыңнан аса жаңа жеңіл автомобиль, 755 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл былтырғыдан шамамен 30% көп.
Жалпы 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында республикада 27 мыңнан аса автокөлік сатылды (2024 жылдағыдан 15,7% жоғары көрсеткіш).
Автоұйым ақпандағы сауда көлемі қаңтардағыдан 40%-ға жоғары болғанын атап өтті.
Hyundai көш басында
- Қазақстанның автонарығында Hyundai ешкімге дес бермей келеді. Компания бір ғана ақпан айында 4 мыңнан аса автомобиль сатты.
- Екінші орында – Chevrolet. Ол 2 мыңнан аса автомибиль сатып, сауда көлемін 79%-ға арттырды.
- Республикада жақсы өтетін Kia үшінші орныда тұр. Өткен айда 1 8,5 автомобиль сатылған.
- Ал төртінші орынға Қытайдың Jetour-і көтерілді. 1 160 көлік сатылып, саудасы 113,2%-ға өсті.
- Қытайдың Chery компаниясы бесінші орында қалды. 1 038 автомобиль сатылған.
«Модельдер мен брендтердің алуан түрін тартымды бағаға алу мүмкіндігі артқандықтан, сатып алушылар белсенді түрде жаңа автомобильдерді таңдап жатыр», – дейді «Қазақстан автокөлік одағы» президенті Анар Мақашева.
Қай модель көбірек өтті?
2025 жылғы ақпанда сұранысы жоғары 10 үздік модель:
- Chevrolet Cobalt (1 776);
- Hyundai Tucson-ға (1 734);
- Hyundai Elantra (960);
- Kia Sportage (954);
- Hyundai Mufasa (499);
- Jetour X70 (384);
- Chery Tiggo 7 Pro (370)
- Jac S3 (354);
- Kia Ceed (302);
- Chery Tiggo 2 (294).
Республика автонарығында Hyundai екі жылдан бері лидерлікті ешкімге бермей келеді. 2024 жылы Қазақстанда 44 мыңнан аса Hyundai көлігі сатылған. 2025 жылғы қаңтарда Қазақстанда автокөліктердің қай түрі көп сатылғанын Kursiv.Media мақаласынан оқыңыз.
2025 жылы Қазақстан 150 мыңға жуық автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Биыл елде екі ірі автозауыт іске қосылады.