Тоқаев экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста не талқыланды
Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылған.
Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берген. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланған.
Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс. Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Отырыста ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған.
Қауіпсіздің кеңесінің соңғы отырысы 2024 жылғы қыркүйекте өткен.