Шерзаттың отбасына неге жылу жиналмады. Айтбек Амангелді түсінік берді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Шерзаттың отбасына неге жылу жиналмады. Айтбек Амангелді түсінік берді
Шерзаттың отбасына неге жылу жиналмады/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Марқұм Шерзат Полаттың мүддесін қорғап келген адвокаттарды үйлестіруші Айтбек Амангелді азалы отбасыға неліктен халықтан жылу жиналмағанын түсіндірді.

Айтбек Амангелді отбасыға халықтан жылу жинауға қажеттілік болмады деп отыр.

Оның сөзінше, Шерзаттың қазасынан кейін Қаржаубай Нұрымовтың барлық несиелері тоқтатылған.

Ал қылмыс болған «Қамажай» дүкенін жүргізуге алынған несие толық кешіріліп, дүкендегі заттардың құны өтелген.

«Сондықтан отбасының өмір сүруіне азды-көпты қаржысы» болды» деді ол баспасөзге арналған онлайн конференцияда.

Сондай-ақ ол Қаржаубай Нұрымов өздерінің адвокаттық қызметіне берілген сенімхаттан бас тартқанын, оның бұл шешімін түсінбегенін жеткізді.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Шерзаттың әкесін оны қамауға алған оқиғадан кейін көрмеген. Өйткені Қаржаубай отбасымен Өзбекстанға барып, біраз демалып келетінін айтқан. Алайда Қаржаубай елден шықпағаны, қорғаушыларына айтпай тұрғылықты мекенжайын өзгерткені белгілі болған.

Адвокат Саида Тәуекелова қиын жағдайға тап болған отбасының бұл әрекеттеріне түсінікпен қарауға тырысып, бар назарды тергеуге салғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз