Lifestyle

Әлемнің аңыз футболшылары Қазақстанға келеді

Әлемнің аңыз футболшылары Қазақстанға келеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

25 сәуір – Қазақстан футболы күні қарсаңында Астанада ерекше футбол мерекесі өтпек. «Астана Арена» стадионында әлемдік және қазақстандық футбол жұлдыздарының қатысуымен «1XLegends – Аңыздар ойыны» ұйымдастырылады.

Әлемнің аңыз футболшылары Қазақстанда

Бұл кездесу әлемдік футбол Легендаларының Орталық Азиядағы алғашқы туры аясында өтеді. Жасыл алаңда жанкүйерлер Марко Матерацци, Хавьер Дзанетти, Кларенс Зеедорф, Майкон, Клод Макелеле, Гаиска Мендьета, Димитар Бербатов, Фернандо Морьентес сынды аты аңызға айналған футболшылардың өнерін тамашалай алады.

Аңыздар құрамының толық тізімі:

  • Қақпашы: Витор Баия
  • Қорғаушылар: Марко Матерацци, Хавьер Дзанетти, Кристиан Заккардо, Майкон
  • Жартылай қорғаушылар: Джей-Джей Окоча, Сержиньо, Клод Макелеле, Халилу Фадига, Кларенс Зеедорф, Эстебан Камбьяссо, Гаиска Мендьета
  • Шабуылшылар: Луи Саа, Димитар Бербатов, Фернандо Морьентес

Қазақстан аңыздар құрамасы

Әлемдік жұлдыздарға қарсы Қазақстан футболының атақты ойыншылары алаңға шығады. Қазақ жанкүйерлерінің сүйікті ойыншылары, ұлттық құраманың бұрынғы капитандары мен үздік футболшылары бұл кездесуде ерекше ойын көрсетпек. Қазақстан құрамасында: Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория және басқа да белгілі футболшылар өнер көрсетеді.