Жаңалықтар

2030 жылы Рамазан айы екі рет тойланады

Рамазан-2025: Ораза туралы білуіңіз керек маңызды жайттар
2030 жылы Рамазан айы екі рет тойланады? / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2030 жылы мұсылмандар үшін ерекше құбылыс болады – қасиетті Рамазан айы бір жылдың ішінде екі рет тойланады. Бірінші Рамaзан шамамен 6 қаңтарда, ал екіншісі 26 желтоқсанда басталады.

Неге Рамазан жыл сайын өзгеріп отырады?

Бұл құбылыс ислам күнтізбесінің ерекшеліктеріне байланысты. Исламдық ай күнтізбесі 354 немесе 355 күннен тұрады, яғни григориан күнтізбесінен шамамен 10-11 күнге қысқа. Осы айырмашылықтың нәтижесінде Рамазан айы жыл сайын он күнге ерте басталып отырады.

Мысалы, егер 2025 жылы Рамaзан наурыз айында басталса, келесі жылы ақпанға ауысады. Осы циклдің нәтижесінде 2030 жылы Рамазaн екі рет өтеді – қаңтарда және желтоқсанда.

Мұндай жағдай шамамен әр 33 жылда бір рет кездеседі. Соңғы рет 1997 жылы Рамазан бір жылдың ішінде екі рет болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ораза жеңіл өтуі үшін диетолог маманның кеңестерін берген едік.