
Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының жартылай финалы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Финалға үш ер және үш әйел шахматшы жолдама алды. Жарыстың шешуші кезеңі Астанада өтеді.
Финалға 13 жастағы Алдияр Жауынбай мен Мария Холявко, 18 жастағы Кристина Попандопуло, 19 жастағы Жанбота Қамарова, 27 жастағы Аян Ахметов және 30 жастағы Әлібек Игамбергенов өтті.
Финалдық кезең 20 мамыр мен 2 маусым аралығында Астанада өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 3,3 миллион теңгені құрайды.
«Ашық біріншілікте және әйелдер арасындағы жеңімпаздар 750 000 теңгеден алады, екінші орын иегерлеріне 550 000 теңгеден, ал үшінші орын иеленгендерге 350 000 теңгеден беріледі», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 17 наурызда Астанада II Ашық «Senat Open» кубогының іріктеу кезеңі өткен еді.